25 қазанға арналған ауа райы

25 Қазан 2020, 07:45
1297
Бөлісу:
25 қазанға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді. Солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгиромет» РМК.

Ақмола облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ, кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Шығыс-Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының күндіз кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы