Қазақстанның соңғы жаңалықтары

24 қылмыс анықталды: ҰҚК жемқорлықпен күрестің нәтижесін жариялады

2 Тамыз 2025, 10:20
694
Бөлісу:
 BAQ.KZ архив
Фото: BAQ.KZ архив

2025 жылдың шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлыққа қатысты 17 құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл істер келесі баптар бойынша тіркелген:

Лауазымын асыра пайдалану – 3 жағдай

Пара алу – 5 жағдай

Пара беру – 4 жағдай

Алаяқтық – 2 жағдай

Жеке өмірге қолсұғу және дербес деректерді қорғау талабын бұзу – 1 жағдай

Өкілеттігін теріс пайдалану – 1 жағдай

Заңсыз кәсіпкерлік қызмет – 1 жағдай

Сондай-ақ шілде айында сотқа 16 қылмыстық іс жолданды. Олар сеніп тапсырылған мүлікті иемдену, алаяқтық, ақпаратты заңсыз жою, пара беру мен алу, қылмыстық жолмен келген мүлікті заңдастыру және басқа да істерге қатысты. Нәтижесінде мемлекетке келтірілген 113,6 миллион теңге көлеміндегі шығын өтелді. Құны 619,1 миллион теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Сонымен қатар, жемқорлық туралы хабарлаған екі адамға 471,8 мың теңге көлемінде сыйақы берілген, - делінген ҰҚК ақпаратында.

ҰҚК бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы