230 жылдық еңбек тәжірибесі бар орманшылар әулеті

20 Қазан 2024, 10:09
422
Бөлісу:
230 жылдық еңбек тәжірибесі бар орманшылар әулеті
Фото: Ертіс орманы баспасөз қызметі

Павлодар облысында орман шаруашылығында 230 жылдық еңбек өтілі бар әулет бар. Бүгінгі таңда Амановтан отбасының төрт бірдей ұрпағы «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватында еңбек етіп келеді. BAQ.KZагенттігінің тілшісі әулеттің үлкендерімен әңгімелесіп, кәсіби мерекемен құттықтады.

Қайролла Аманов – Шарбақты ауданы Жаңауыл ауылының тумасы. Отан алдындағы борышын өтеген соң орман шаруашылығы саласына келіп, еңбек жолын орман кесушіден бастады. Кейін ағаш өңдеу цехына жұмысқа тұрып, қызметін жалғастырды. саналы өмірінің 45 жылын орманшылыққа арнаған ол әр жылдары «Еңбек ардагері», «11-ші бесжылдықтың еңбек екпіндісі» марапаттарына ие болған. Ерен еңбегі үшін 1956 жылы Мәскеуде өткен халық шаруашылығы көрмесіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жары Майра Аманова да ағаш өңдеу цехында 21 жыл жұмыс істеді.

Бүгінде орман шаруашылығы саласында Қайролла Амановтың бірнеше ұрпағы адал еңбек етіп жүр. Әке аманатын жерге тастамаған ұлы Сәбитхан Аманов 40 жыл бойы орманшы болып еңбек етті. Еңбек кітапшасында бір-ақ жазба бар. Ол – абыройлы орманшы қызметі.

230 жылдық еңбек тәжірибесі бар орманшылар әулеті

Анам мен әкем орман шаруашылығында жұмыс істегендіктен, мен де оайланбастан осы жауапты саланы таңдадым. Жастайымнан еңбекке араластым. Тек әскер қатарына шақырылған кезде жұмысымды тоқтаттым. Кейін зейнеткерлікке дейін осы қызметте болдым. Отан алдындағы борышымды өтеген соң алдымен жүргізуші мамандығын игердім. Кейін орман шаруашылығына ауыстым. Тұңғыш ұлым Марат менің жолымды қуды». Екінші ұлым Сәбит резерватта бухгалтер болып еңбек етті. Қазіргі уақытта отбасымен Павлодар қаласында тұрады. Ал жолдасым Сәуле Қабиденқызы 15 жылын осы кәсіпке арнады, - дейді Қайролла Аманов.

Ұлы Марат Аманов резеварттың Шалдай филиалы директорының қызметін атқаруда. Ормашлылықтағы еңбек өтілі 22 жылдан асып жығылады. Осы уақыт аралығында орман шебері, инженер мамандықтарын да меңгеріп үлгерді.

230 жылдық еңбек тәжірибесі бар орманшылар әулеті

Туыстарым, анам, әкем мен ағаларым ормн шаруашылығында еңбек еткен соң мен де осы мамандықты ойдланбастан таңдадым. Алматыдағы қазақ ұлттық университетіне түсіп, кейін туған ауылыма оралдым. Шалдай елді мекенінің патриоты болғандықтан, шақыртуларға қарамастан, елге қайтып келдім», - дейді Марат Аманов.

Табиғаттың тылсым күші, қарағайларға деген қамқорлық пен тынымсыз еңбек. Орман шаруашылығындағы мамандықтарды дәл осы қасиеттер біріктіреді. Бұл жауапты қызмет орман алқаптарын қорғаумен шектелмейді. Өмірін осы іске арнаған азаматтар қарағайларды емдеу мен брконьерлерден қорғаумен де айналысады. Жасыл желек қорын молайту да олардың жауапкершілігінде.

Амановтар әулетінің мүшесі Қайполла аға да үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп жүрген жайы бар. Қария 45жылының басым бөлігін Шалдай филиалы Степной орманшылығының орманшысы болып жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында өрттен зардап шеккен аумақтарды қалыпқа келтірумен айналысып келеді. Атап айтқанда, 14гектарлық жерге қарағай көшеттерін салып, көзінің қарашығындай қорғайды. Ісімен көпке үлгі болған орманшы «Мамандығында үздік» облыстық байқауда жеңіске жетіп, республикалық кезеңде облыстың намысын қорғады.

Әкем Арынбек Аманов орман дайындау цехында жұмыс істеді. Мектепті тәмамдаған соң көлік жүргізушісі болып еңбек етіп, кейін әскерге аттандым. Екі жылдық әскери қызметтен соң орман шаруашылығы қазақ ұлттық зерттеу институтының филиалы сынақ станциясына жұмысқа орналастым. Мамандығым бойынша білім алумен қатар аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқардым. Уақыт өте келе орманшы болып жұмысымды жалғастырдым, - дейді Қайполла Аманов.

Орман шаруашылығының ардагері өзі еңбек еткен жылдары орман дайындайтын бригадалар Кеңес дәуірінде екі рет бірінші орынға ие болып, үздік жетістіктерге жеткенін жылулықпен еске алады.

Сол кезде біздің орманшылық аумағы бойынша ең ірі болды. Ал жұмысшыларымыз қоғамымызда әрдайым сый-құрметке ие. Мереке күні «Ертіс орманы» резеватының ұжымына зор денсаулық, молшылық тілеймін. Менің тілегім бір, осы салаға жастар көптеп келсе ғой. Оларды ынталандыру үшін оқу гранттары, квоталар бөлу керек. Орман ағаш материалдарын дайындайтын жер емес қой. Орманға қамқор болуымыз керек. Тұтынушы емес. Қазіргі уақытта күзгі ағаш отырғызу маусымы басталды. Әріптестерім бұл кезеңдегі міндеттерін мүдірмей орындап жатыр. Нәтиже жаман емес, - дейді Қайполла Аманов.

230 жылдық еңбек тәжірибесі бар орманшылар әулеті

Қазіргі уақытта Амановтар әулетінің ісін Қайполла ағаның ұлдары да жалғастырып келеді. Тұңғыш ұлы Амангелді Алматы облысында мемлекеттік орман қорғанысында әуеден бақылаушы болып жұмыс істейді. Ал екінші ұлы - өрт сөндіруші көлігінің жүргізушісі. Осылайша, ұлдарының бірі орманды әуеден, екіншісі жерден қорғаумен айналысып келеді.

Айта кетейік, Амановтар жанұясының төрт бірдей ұрпағы ондаған жылдарын орман қорғау саласына арнаған.

Ертіс өңіріндегі бірегей орман қорын қорғау – басты міндетіміз. Ол үшін бар күшімізді салып, тынымсыз еңбек етіп келеміз. Жас ұрпақты да қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеп жүрген жайымыз бар. Орманымыз жайқала берсін. Өрттен аулақ болсын деген тілектен баста айтарымыз жоқ», - дейді әулеттің үлкендері.

Өзгелердің жаңалығы