Бүгін, 23 маусым елімізде Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кәсіби мереке елімізде 2014 жылдан бері ел көлемінде аталып келеді.
Нақтырақ айтқанда, 2003 жылдың наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусымды Мемлекеттік қызмет күні деп жариялаған қарар қабылдаған. Бұл тәжірибе Қазақстанға 10 жылдан кейін енгізілді.
Президент Жарлығымен 2013 жылы 23 маусым Қазақстанда да Мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді. 2014 жылдан бастап бұл күн кәсіби мереке ретінде атап өтіле бастады.
Мемлекеттік қызмет - Конституциялық негізде жүзеге асырылатын, өз өкілдеріне мемлекеттік басқаруды іске асыруға және республикамыздың өркендеуіне жауапкершілік беретін кәсіби қызметтің ерекше түрі.