228 713 адамның тұрғын үй бойынша өтініші орындалды

23 Сәуір 2021, 22:31
1658
Бөлісу:
228 713 адамның тұрғын үй бойынша өтініші орындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 22 сәуірдегі жағдай бойынша салымшылардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 228 713 өтініші орындалды, деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,13 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы шамамен 5 млн теңгені құрайды. Уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 93 млрд теңгеден астам сома қайтарылды, себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.

Қаңтар айының соңынан бастап БЖЗҚ-ға тұрғын үй жағдайын жақсартуға 390 мыңға жуық өтініш түсті. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ болып табылады, - делінген ақпаратта.

Ең көп орындалған өтініштер Маңғыстау облысының (17,7%), Алматы қаласының (16,8%), Нұр-Сұлтан қаласының (13,5%) тұрғындарынан жолданған. «Көрсеткіштер» бөлімінде салымшылардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат орналастырылған, мұндай ақпарат өңірлер бөлінісінде де берілген

Қазақстандықтарды емдеуге 4,6 млрд теңгеге жуық қаражат аударылды, 4 834 өтініш орындалды, орташа сома 1 млн теңге зейнетақы жинақтарын құрайды. Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-сына уәкілетті оператордан («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 713 млн теңге қайтарылды. БЖЗҚ-ға емделуге барлығы 7 290 өтініш келіп түсті, - деп жазды БЖЗҚ баспасөз қызметі. 

Инвестициялық портфельді басқарушы осы жылдың 22 сәуіріндегі жағдай бойынша 2,8 млрд теңгеден астам қаржы аударды. БЖЗҚ келіп түскен 1567 өтініштің 1230-ын орындады. Аударымның орташа сомасы шамамен 2,3 млн теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы төрт ИПБ-мен шарт жасасты. 


Өзгелердің жаңалығы