220 мыңнан аса шымкенттік вакцина салдырды

20 Маусым 2021, 02:25
1321
Бөлісу:
220 мыңнан аса шымкенттік вакцина салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте коронавирусқа қарсы вакцина салатын 43 пункт жұмыс істеуде. Қазірдің өзінде екпенің бірінші компонентін 221 мың адам алса, ал екінші компонентін салдырғандар саны 125 мыңға жеткен. Үшінші мегаполисте вакцина салдыру үшін тәулігіне мыңға жуық адам ниет білдіреді екен.

Шымкент қаласында қазіргі таңда «Спутник V», «QAZVAC», «CoronaVac» және «ХаятВак» вакцинасы бар. Тұрғындар осы аталған вакцинаның кез келгенін таңдай алады. Шымкент қаласында короновирусқа қарсы вакцинациялау тек қана жұмыс күндері емес демалыс күндері де жасалынады. Атап айтар болсақ, сенбі-жексенбі таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін, – деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.

Бақытжан Позилов қалада екпеден кейін өлім жағдайы тіркелмегенін атап өтті. Сондай-ақ барлық екпе жұмыстары тегін екенін де еске сала кетті.


Өзгелердің жаңалығы