22 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде циклон жүреді

Бүгiн, 10:18
226
Бөлісу:
22 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде циклон жүреді

Синоптиктер 2024 жылғы 22 желтоқсанға арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстандағы ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжамды жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлі күнге дейін циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар жауады, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ғана антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жалпы елімізге ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, тұманның түсуі. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады.

Астанада аспан бұлтты, аздап қар жауады, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: −13...-15°С, күндіз: -7...-9°С.

Алматыда түнде аспан бұлтты, аздап қар жауады. Күндіз аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -12...-14°С, күндіз: -5...-7°С.

Шымкентте аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, тұман болады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -12...-14°С, күндіз: 0...+ 2°С.

Өзгелердің жаңалығы