22 желтоқсан архившілер күні болып бекітілді – Ақтоты Райымқұлова

20 Желтоқсан 2021, 12:30
2553
Бөлісу:
22 желтоқсан архившілер күні болып бекітілді – Ақтоты Райымқұлова
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл 22 желтоқсанда еліміздің архившілері алғаш рет кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді.

Оның айтуынша, кәсіби мереке аясында архившілерге алғаш рет «Архив саласының үздігі» ведомстволық наградасы табысталады. 

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті құрылды. 22 желтоқсан ресми түрде архившілер күні болып бекітіліп, «Архив саласының үздігі» атты төсбелгісі тағайындалды. Биыл 22 желтоқсанда алғаш рет архившілер күні кәсіби мерекесін атап өту барысында ұзақ жылдар еңбек еткен сала ардагерлері мен білікті архивист мамандарға 140-тан астам «Архив саласының үздігі» ведомстволық наградасы беріліп, алғыс білдіріледі. Архив саласының материалдық-техникалық базасын кеңейту мақсатында кең форматты сканерлер, архивтік құжаттарды реставрациялау және микрофильмдеу үшін заманауи зертханалар сатып алынды, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы