Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезекті отырысы өтті.
Онда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысының жобасы қаралды.
Қаулы жобасында «22 желтоқсан –Архивші күні» – еліміздің архив ісі қызметкерлерінің кәсіби мереке күнін бекіту қарастырылған.