Зеленский тағы 22 шенеунікті жұмыстан босатты

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лауазымды тұлғалар Украинаның бұрынғы президентінің өкілеттік мерзімі аяқталған соң қызметтен босатылды.</h4>

 17 Шілде 2019 2019, 10:43
17 Шілде 2019 2019, 10:43
2387

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лауазымды тұлғалар Украинаның бұрынғы президентінің өкілеттік мерзімі аяқталған соң қызметтен босатылды.

Владимир Зеленский 16 шілдеде 22 аудандық мемлекеттік әкімшілік басшыларын жұмыстан босатты. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

korrespondent.net басылымының ақпаратына сүйенсек, аудандық мемлекеттік әкімшілік басшыларын жұмыстан босату Украинаның бұрынғы президентінің өкілеттік мерзімі аяқталуымен байланысты болғаны хабарланады. Атап айтқанда, Киев пен үш облыстағы аудан басшыларының лауазымы тоқтатылған.

Бұдан бөлек Украина президенті Ровенск, Харьков және Хмельницк облыстарындағы 20 аудандық мемлекеттік әкімшілік басшысын жұмыстан босатты.

Бұған дейін Киевте 5 аудандық мемлекеттік әкімшілік басшысы лауазымын тоқтатқаны хабарланған болатын.

 


Наверх