Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 қаңтар күні Қазақстанның барлық аумағына дерлік солтүстік және оңтүстік циклондармен байланысты атмосфералық ауа ағындары әсер етеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық ауа ағындарына байланысты қар жауады, оңтүстік-батыста және оңтүстікте жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыздың кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстік және шығыста бұрқасынмен бірге болады.Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшееді.
Павлодар облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Кызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі.