Қазақстанның соңғы жаңалықтары

2,14 млн еуро: Әлемдегі ең қымбат алтын монета сатылымға шығады

29 Қыркүйек 2025, 11:08
519
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Германияның Цюрих қаласында "ең қымбат алтын монета" аукционға қойылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Bild-ке сілтеме жасап.

Әлемдегі ең қымбат монета Германияда аукционда 2 млн еуроға сатылады. Жинақтың жалпы құны 100 млн доллардан асады.

Аукцион үйі Numismatica Ars Classica қараша айының басында Traveller коллекциясын ұсынады. Оған 15 мыңнан астам монета кіреді. Солардың ішінде Фердинанд III Габсбургтің бейнесі бар 100 дукаттық бірегей алтын монета да бар.

Монетаның жасалғанына шамамен 400 жыл болған. Ол 1629 жылы жас корольдің неміс князьдеріне сыйы ретінде соғылған. 

Ол кезде Фердинанд Австрияның эрцгерцогы, сондай-ақ Венгрия, Хорватия және Богемия королі болған. Кейінірек ол Қасиетті Рим империясының императоры атанды.

Монетаның салмағы – 348,5 грамм. Бұл – Еуропада жасалған ең ірі алтын монета. Әлемде мұндай тек үш дананың бар екені белгілі, - деп жазады басылым.

Traveller коллекциясы 50 жылдан астам уақыт бойы жерасты қоймасында сақталып келген. Оның иесі "Саяхатшы" деген лақап атпен белгілі адам. Ол екінші дүниежүзілік соғыс кезінде монеталарды нацистер тартып алмайтындай етіп жасырған. Қазір бүкіл коллекцияның құны 100 млн доллардан асады.

Аукцион ұйымдастырушылары бұл топтаманы "саудаға шығарылған ең қымбат монеталар жиынтығы" деп атап отыр. Ал Фердинанд III-тің монетасы алдын ала бағалау бойынша 2,14 млн еуродан жоғары бағаға сатылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы