21 жыл бойы ашылмаған қылмыс: Астанадағы кісі өлтіру ісі бойынша екі күдікті ұсталды

2005 жылы Астанада зорлық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Арада 21 жыл өткенде полиция істі қайта қарап, күдіктілердің ізіне түсті.

19 Тамыз 2026, 09:11
АВТОР
 видеодан алынған кадр 19 Тамыз 2026, 09:11
19 Тамыз 2026, 09:11
158
Фото: видеодан алынған кадр

Астанада 2005 жылы жасалған кісі өлтіру қылмысы араға 21 жыл салып ашылды. Полиция қылмысқа қатысы бар екі күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 2005 жылы елордада болған. Сол кезде полицияға зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат түскен. Алайда қылмысты ашуға мүмкіндік беретін жеткілікті айғақтар болмағандықтан, істің мән-жайын анықтау мүмкін болмаған.

Биыл Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері өткен жылдардағы қылмыстарды қайта қарап, аталған істі жаңғыртқан. Полиция архивтік материалдарды қайта зерделеп, бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды.

Күдіктілер тамыз айында ұсталып, қылмыс жасағанын мойындаған. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда отыр.

Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында, – деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр. Полиция қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, күдіктілердің әрекеттеріне құқықтық баға бермек.

Наверх