Қазақстанның соңғы жаңалықтары

21 қарашада теледидар мен радио жұмыс істемейді

18 Қараша 2024, 10:29
747
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Елдің барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылдың 21 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы