21 қалада йога күні атап өтіледі

13 Маусым 2022, 13:18
1909
Бөлісу:
21 қалада йога күні атап өтіледі
PHOTO

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтандағы Үнді мәдени орталығында қазақстандықтар үшін сегізінші жыл қатарынан Халықаралық йога күні салтанатты түрде ашылды. 

Елордалықтар таңда мәдени орталық алаңында йога жаттығуларын жасады.

Халықаралық йога 2022 күнін атап өту үшін Свами Вивекананда атындағы мәдени орталық Қазақстан бойынша бірқатар шара ұйымдастырады. Йога пандемияның соңғы екі жылында адамзаттың денсаулығы үшін маңызды рөл атқарғандықтан, IDY 2022 бүкіл әлемде «Йога адамзат үшін» ұранымен өтеді.

21 қалада йога күні атап өтіледі

Үнді мәдени орталығының директоры Санджай Ведидің айтуынша, биыл Қазақстанда йога күні 21 қалада: Арқалық, Өскемен, Алматы, Нұр-Сұлтан, Талдықорған, Атырау, Павлодар, Орал, Шымкент, Ақтөбе, Ақсай, Көкшетау, Қостанайда өтеді. , Қарағанды, Семей, Петропавл, Екібастұз, Тараз, Ақтау, Теміртау және Рудныйда ұйымдастырылады.

21 қалада йога күні атап өтіледі

Ең негізгі шара Астана Опера театрының алаңында өтеді. Осыған дейін Үндістаннан арнайы екі йога мұғалімін шақырдық. Олар қазір Каспий теңізінің жағасында, Қостанай, үш-төрт қалада шеберлік сабағын өткізді. Тағы ондаған қалаға барады. Қазақстандықтардың көңілінен шығып жатыр, – деп таныстырды жоспарды Санджай Веди. 

Елшілік қызметкері йоганың адамдарға денсаулығын жақсартып, күйзелістен шығуға көмектесетінін атап, орталықтың қызметтері туралы айтып берді.

21 қалада йога күні атап өтіледі

Елордалықтар біздің орталықта йогамен айналысы, үндінің халық билерін үйрене алады. Сондай-ақ, музыка, вокал сабақтарына қатысуна болады, – деп шақырды тұрғындарды Санджай Веди. 

Йога күнінің салтанытты ашылу рәсіміне Үндістанның сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лекхи қатысып, елордалықтармен бірге жаттығу жасады. Үндістандық үкімет өкілі 12-14 маусым аралығында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген. 

21 қалада йога күні атап өтіледі

Айта кетейік, Үндістан мәдени орталығы Қазақстанда 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 

Йога – қазақстандықтар арасында өте танымал. БҰҰ жариялаған Халықаралық йога күні жыл сайын 21 маусымда Қазақстанның түрлі қаласында қазақстандық йога мамандары басқаратын Қазақстан билігі мен жергілікті йога орталықтары, студияларының қолдауымен атап өтіледі. 

Өзгелердің жаңалығы