21 наурызға арналған ауа райы

21 Наурыз 2023, 08:05
1039
Бөлісу:
21 наурызға арналған ауа райы
Фото: elorda.info

Қазгидромет ел аумағында 21 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Түнде оңтүстікте қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, ал еліміздің басым бөлігінде антициклон жырасының әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы болады.

Республика бойынша тұман сақталады, батыста, оңтүстік жартысында жел күшейеді, күндіз батыста – шаңды дауыл, елдің оңтүстігінде – найзағай күтіледі, – деп жазды ведомство.

Өзгелердің жаңалығы