2030 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасы қаралды

12 Қараша 2024, 18:20
270
Бөлісу:
2030 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасы қаралды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Ресей Федерациясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отырыс басталғанға дейін делегация басшылары әскери даңқ мемориалы – Белгісіз сарбаздың қабіріне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Қорғаныс министрлері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасын қарады.

1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына дайындыққа ерекше назар аударылды. Ұрыс даласында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында бірқатар іс-шаралар, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің IV әскери-спорттық ойындары ұйымдастырылатын болады.

Отырыста сондай-ақ 2024 жылы Достастық мемлекеттері қорғаныс министрлері кеңесінің жұмыс органдарының әскери ынтымақтастықты дамыту жөніндегі қызметінің қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған жоспары белгіленді.

Өзгелердің жаңалығы