2030 жылға қарай балық өндірісін 600 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік бар - Мамин

18 Тамыз 2020, 10:34
1260
Бөлісу:
2030 жылға қарай балық өндірісін 600 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік бар - Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Онлайн өткен Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин балық аулау және оны көбейту тамақ өнімі өндірісіндегі басым салалардың бірі екенін айтты.

Биыл ақпанда Атырауда өткен кеңестің қорытындысы бойынша әкімшілік кедергілерді азайту мен балық шаруашылығы саласын дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында бірқатар заңнамалық бастама әзірленді. Су ресурстарын пайдалану үшін төлемді оңтайландыруға, балық өсіру шаруашылығын тиімді аймақтарға бөлуге және орналастыруға, балық аулаудың тиімді кестесін белгілеу, тыйым салынған балық құралдарының айналымы үшін жауапкершілікті белгілейтін нормаларды қатаңдатуға ерекше назар аударылды. Барлық қажетті заңнамалық түзетулер Парламентке енгізіледі, - деді ол. 

Премьер-министр балық өсіруді дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларға жеңілдетілген несие беру көзделгенін айтты. 

Жалпы, саланың үлесі өте жоғары. Қабылданған шаралар арқасында биыл өсірілген балық көлемін соңғы екі жылда 1,6 есеге өсіріп, 9 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл ретте, өсірілетін балықтың негізгі көлемі бірнеше өңірге тиесілі. Олар: Түркістан, Алматы облыстары және СҚО мен ШҚО. 2030 жылға қарай балық өнідірісінің көлемін 600 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік бар. АӨК саласында балық шаруашылығы негізгі саланың бірі болуы тиіс. Экспорт көлемі 10 есе артып, 300 мың тоннаға жетеді. Қосымша 100 мың жұмыс орны ашылады, - деді ол. 
Мамин әр өңірде балық өндірісі ұйымдастырылуы тиіс екенін айтты. 
Бизнес нысандарына су қоймалары бекітіліп, сапасы жоғары балық сататын сауда орындарының санын арттыру керек. ДДСҰ-ның бір адамға 16 келі балық тұтыну ұсынысын жүзеге асыру үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдайды, - деді ол. 
Осыған байланысты Мамин бірқатар тапсырма берді. 
Облыстардың әкімдіктері экология министрлігімен бірге биылғы қарашаға дейін жер учаскелерін бөлу, инфрақұрылым жүргізу бойынша нақты индикаторлар мен іс-шараларды, жергілікті жердегі басқа мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыра отырып, балық шаруашылығының өңірлік бағдарламасын әзірлеп, бекітсін, - деді ол. 

Премьер-министр экология министрлігі мүдделі мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастықпен бірге балық саласындағы субсидияларды кеңейтіу жұмыстарын пысықтап, Үкіметке ұсынуын тапсырды. 

БҒМ-мен бірге ЖОО-ның тәжірибелік бағдарламаларын ескере отырып,  балық өсіру саласына баса назар аудару керек. Сауда министрлігімен бірге шетелден балықтың бағалы түрлері мен балық өсіру материалын жеткізу бойынша шекарадан өткізудің барлық түрін рәсімдеуді жеңілдетуін пысықталсын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы