Axios басылымының мәліметінше, Трамп таңдауды екі саясаткердің арасынан жасауда: вице-президент Джей Ди Вэнс пен мемлекеттік хатшы Марко Рубио, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Басылымның жазуынша, Трамп кеңесшілерінен 2028 жылы Республикалық партияны кім бастап шығуы тиіс екенін жиі сұрайды. Президенттің "армандаған тандемі" – Вэнс пен Рубио, бұл ретте Вэнс алдыңғы орында болуы мүмкін. Дегенмен, Рубио – Вэнс жұбы да Трампты қанағаттандыратыны айтылған.
Ақпаратқа сәйкес, Вэнстің сайлауалды науқанын ұйымдастыра алатын саяси кеңесшілер тобы бар. Ал Рубиода мұндай дайын инфрақұрылым қалыптаспағанымен, ол 2025 жылғы сұхбатында Вэнс кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеген.
Сонымен қатар, Трамптың кеңесшілері оның мұрагер мәселесінде нақты шешім қабылдауға асықпайтынын айтады. Себебі бұл қазіргі жұмыстан назарды аударып, президенттің биліктен кетуге дайындалып жатқандай әсер қалдыруы мүмкін.
Бұған дейін Трамп Республиканская партия қатарында 2028 жылғы сайлауға қатысып, оның саясатын жалғастыра алатын бірнеше үміткер бар екенін айтқан. Ол Вэнс пен Рубиомен қатар Қаржы министрі Скотт Бесент есімін де атаған.
Трамптың сөзінше, болашақта партия атынан үміткер болуға «ең ықтимал» тұлға – Джей Ди Вэнс.