Лос-Анджелес 2028 жылғы Жазғы Олимпиаданы автокөліксіз өткізбек. BAQ.KZ бұл туралы қала мэрі Крен Бастың мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқи отырыңыз:
Ұйымдастырушылар мұндай шараның кептелістен қашу үшін қажет екендігін айтады.
Көрермендер Олимпиада нысандарына қоғамдық көлікпен жетуге тиіс. Осы мақсатта жаңа 3 мың автобус пайдалануға беріледі. Сондай-ақ қашықтан жұмыс істеуге басымдық жасалады. АҚШ үкіметі Лос-Анджелестің транспорттық жағдайын жақсарту үшін 900 млн доллар бөлуге уәде берді, – деп жазылған хабарламада.