2026 жылы Қазақстанда әскери парад өте ме? – Қорғаныс министрлігі жауап берді

Парадтың орнына әскери-патриоттық және еске алу іс-шаралары болады.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 18:05
Бүгiн 2026, 18:05
194
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

ҚР Қорғаныс министрлігі 2026 жылы елімізде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери парад өткізілмейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Министрліктің мәліметінше, парадтың орнына ел көлемінде әскери-патриоттық және еске алу іс-шаралары жоспарланған.

Өткізілетін іс-шаралар тізімі:

  • Ерлік сабақтары;

  • Үздік әскери қызметшілерді марапаттау;

  • Ардагерлерге құрмет көрсету;

  • Экологиялық акциялар;

  • Әскери оркестрлердің шеруі;

  • Шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі;

  • Қару-жарақ пен әскери техника көрмесі;

  • «Сарбаз ботқасы» акциясы;

  • Ашық есік күндері.

Наверх