Қазақстанның соңғы жаңалықтары

2026 жылы паспорт, куәлік және жүргізуші құжатын жасату қанша теңге тұрады?

Бөлісу:
 Мәди Искаков  - архив
Фото: Мәди Искаков - архив

2026 жылы Қазақстанда АЕК мөлшері өзгерді, қазір ол 4 325 теңге. Осыған байланысты мемлекеттік баждың құны да жаңартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл тарифтер қанша теңге екенін және құжаттарды қалай жасатуға болатынын түсіндіреміз.

Төлқұжат (паспорт)

36 беттен тұратын төлқұжат – 34 600 теңге.

48 беттен тұратын төлқұжат – 51 900 теңге.

Балалар төлқұжаты – 17 300 теңге.

Балалар паспорты 24 бет болады. 12 жасқа дейінгі балалардың құжаты 5 жылға, ал 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалардың құжаты 10 жылға жарамды.

Балаларға паспортты қалай рәсімдейміз?

Ол үшін мынадай құжаттар қажет:

- туу туралы куәлік.

- ата-атасының жеке куәлігі.

- мемлекеттік баж төлеу квитанциясы немесе мемлекеттік баждан босатылғанын растайтын құжат.

- ҚР паспорты (егер болса).

Сондай-ақ құжат жасатарда ата-атасының бірінің болуы міндетті.

18 жасқа толған азаматқа паспорт алу үшін қандай құжат қажет?

- ҚР жеке куәлігі.

- ауыстыру кезінде ҚР паспорты.

- мемлекеттік баж төлеу квитанциясы немесе мемлекеттік баждан босатылғанын растайтын құжат.

Жеке куәлік

Жеке куәлікті жасату құны – 865 теңге.

Қажет құжаттар тізімі:

- ауыстыру кезінде жеке куәлік.

- мемлекеттік баж төлеу квитанциясы немесе мемлекеттік баждан босатылғанын растайтын құжат.

- ҚР паспорты (егер болса).

Бала 16 жасқа толған кезде алғашқы жеке куәлікті қалай рәсімдейміз?

Қажет құжаттар тізімі:

- туу туралы куәлік.

- ата-анасының жеке куәлігі.

- мемлекеттік баж төлеу квитанциясы немесе мемлекеттік баждан босатылғанын растайтын құжат.

- ҚР паспорты (егер болса).

Сондай-ақ құжат жасатарда ата-атасының бірінің болуы міндетті.

Жүргізуші куәлігі

Жүргізуші куәлігін рәсімдеу – 5 406 теңге.

Жүргізуші куәлігін алу үшін қажетті құжаттар тізімі:

- жеке куәлік.

- медициналық анықтама (073/у нысаны, электрондық базалардан алынады).

- авто мектепті аяқтағаны туралы куәлік (электрондық базадан алынады).

- мемлекеттік баж төлегені туралы квитанция.

Өзгелердің жаңалығы