Қазақстанның соңғы жаңалықтары

2026 жылы Ораза айы қашан басталады?

6 Қаңтар 2026, 16:48
654
Бөлісу:
 BAQ.KZ архиві/ Ғазиз Шакиров
Фото: BAQ.KZ архиві/ Ғазиз Шакиров

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылға арналған діни күнтізбені жариялаған болатын. Кесте бойынша биыл Ораза 19 ақпанда басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мүфтият мәліметінше, қасиетті Ораза айы 19 ақпаннан басталып, 19 наурызға дейін жалғасады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ал Ораза айт мерекесі 20 наурызда атап өтіледі.

Құрбан айт мерекесі 2026 жылы 27-29 мамыр аралығында өтпек.

Діни басқарма өкілдері хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректеріне сүйене отырып есептелгенін атап өтті. Сонымен қатар, жаңа айдың көріну уақытына байланысты кейбір мерекелердің нақты күні бір күнге ілгері не кейін жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

2026 жылы Ораза айы қашан басталады?
Өзгелердің жаңалығы