Қазақстанның соңғы жаңалықтары

2026 жылдан бастап бюджетке 5 трлн теңгеге дейін қосымша кіріс түседі – Жұманғарин

15 Шілде 2025, 09:14
587
Бөлісу:
 Үкімет
Фото: Үкімет

2026 жылдан бастап бюджетке 5 трлн теңгеге дейін қосымша кіріс түседі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл салық-бюджет саласында ауқымды реформаларды іске асыруға кірістік. Наурыз айында қабылданған Бюджет кодексі – шығыстарды тиімді басқаруға және фискалдық пен ақша-несие саясатын үйлестіруге бағытталған маңызды қадам. Бұл құжат бюджет тиімділігін арттырып, салық-бюджет және ақша-несие саясаттарының теңгерімді жүргізілуіне мүмкіндік береді, – дейді Серік Мақашұлы.

Вице-премьер Жаңа Салық кодексі бойынша жұмыс аяқталғанын айтады.

Құжат маусым айында Парламентпен қабылданды. 2026 жылдан бастап жаңа салық тетіктері бюджетке қосымша 3–5 трлн теңге кіріс түсіреді. Бұл бюджеттің кіріс бөлігін нығайтып, мемлекеттің экономикалық өсімді ынталандыруға бағытталған мүмкіндіктерін кеңейтеді.
2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы мен жалпы сипаттағы трансферттер жаңа бюджет және салық заңнамасын ескере отырып кешенді түрде қалыптастырылады, – дейді ол.

Еске салайық, бүгінгі Үкімет отырысындағы жиында 2025 жылғы қаңтар–маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері талқыланады.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы ұйымдастырылады. Үкімет отырысы мен баспасөз мәслихатының тікелей көрсетілімі BAQ.KZ сайтында жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы