Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 10 тірек мектебі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Келесі жылы тағы осындай үш білім ұясы ашылады. Осылайша, әр ауданның өз білім беру ресурстық орталығы болады. Оның біреуін материалдық жабдықтауға 250 млн теңге бөлінеді.
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Есіл ауданы орталығындағы білім ошағында болды. Мұнда 400-ге жуық бала оқып жатыр. Қажетті керек-жарақтармен толық жабдықталған. Қосымша білім алу үшін телестудия, тақырыптық кабинеттер мен зертханалар бар.
Жалпы біз балалардың білім сапасы 7-ден 12%-ке дейін артып келе жатқанын көріп отырмыз. Әдістемелік сүйемелдеу үш жыл бойы жалғасады. Жалпы СҚО бойынша 13 тірек мектепті жабдықтау жоспарланған, - дейді «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» білім беру бағдарламаларының директоры дейді Рустам Әбілов.