Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында 2025 жылы нефриттерді өңдейтін зауыт іске қосылады. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz.
Мемлекеттік орган қазіргі уақытта бизнес-жоспар жасалғанын айтып отыр.
Жобаны бірлесіп жүзеге асыру туралы шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Толық ақпарат соңғы шешім қабылданғаннан кейін беріледі, – деп толықтырды департамент.
Сонымен қатар, жоба құны 1 млрд теңгеден асады деп атап өтілген. Нысан 2025 жылы ашылады деп күтілуде.