Жиынның мерзімі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XXІІ Хатшылығының отырысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін отырыста діни лидерлер әлемдегі жағдайларды талқылады.
Сондай-ақ жиында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің жалпы отырысы мен панельдік сессияларының тақырыптары және өтетін мерзімі белгіленді.
Соған сәйкес VIII Съезд 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте өткізіледі және ол «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия тақырыбына арналады. Одан бөлек, Съезд Хатшылығының XXII отырысының Хаттамасы қабылданды.
Айта кетейік, Съезд Хатшылығының отырысына ислам, христиан, буддизм, иудаизм, даосизм, синтоизм және бахаи дінінің делегаттары, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар мен Қазақстандағы діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.