2025 жылы әскери дайындыққа 3 мың әскери міндетті шақырылады. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың тиісті бұйрығы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжат 7 ақпанға дейін талқылауға қолжетімді болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әскери дайындық 2007 жылдан бастап, жыл сайын өткізіледі және ұзақтығы 30 күнге дейін болады. Дайындыққа қатысудан жалтару 5 айлық есептік көрсеткіш (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.
Әскери дайындық кезінде әскери қызметшілердің жұмыс орындары мен лауазымдары сақталады. Оларға орташа жалақы төленеді, ал жұмыс істемейтіндерге – мемлекеттік бюджет есебінен ең төменгі жалақы беріледі.
Әскери міндеттілерді жинақ орнына жеткізу және оларды кері қайтаратын көлік қызметі, сондай-ақ тамақтандыру Қорғаныс министрлігі есебінен жүзеге асырылады. Әскери міндеттілер казарма жағдайында ұсталады. Оларды бөлімнен босату ротаның командирлерімен жүзеге асырылады.
2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1,5 мың қазақстандықты әскери дайындыққа шақырған болса, 2024 жылы – 3 мың адам шақырылды.