2025 жылға қарай Павлодар қаласындағы трамвай өткелдерінің барлығы жөнделіп, көліктер «шусыз» режимде жүретін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
Павлодар қаласында трамвай өткелдерін жаңарту жұмыстары соңғы жеті жыл бойы жүргізіліп келеді. Яғни, қиылыстардағы рельстер жөнделіп, шусыз өткелдер орнатылып жатыр. Биыл жеті өткел толық жөнделді.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль долдары басқармасының басшысы Қанат Қашкировтың айтуынша, алдағы екі жылда қалалық жолаушылар көлігін жаңату аясында тағы 25 трамвай сатып алынып, жолға шығару жоспарланған.
Гибридты трамвайлар Евопалық реконструкция және даму банкі арқылы әкелінеді. Гибридті трамвайлар шусыз өткелдер арқылы жүрген кезде аккумулятор қуатын пайдалана алады. Биыл жеті өткел, ал келесі жылы қалған сегіз өткел жөнделеді. Осылайша, жұмыстар толық аяқталады, - дейді Қанат Қашкиров.
Бұл трамвай желісін жаңғырту аясында атқарылған жұмыстардың бір парасы ғана. Кешенді жоспар бойынша экологиялық таза көлік жүретін желі кеңейді. Атап айтқанда, жаңадан салынып жатқан «Достық» шағын ауданында жаңа трамвай бағыты пайда болады. Осылайша, трамвай жолы алты шақырымға ұзарады. Алдағы бірнеше жылда ышқам ауданда 20-дан астам көпқабатты үй мен әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі. Осылайша, қаланың бұл бөлігіне 30 мыңнан астам адам қоныстанады деп күтілуде.
Айта кетейік, Павлодар қаласында 14 трамвай маршруты бар. Бағыттарды субсидиялауға 1,5 млрд теңге бөлінген. Рельсті көліктің игілігін күнбе күн 40 мыңнан астам жолаушы көруде.