2025 жылға қарай елімізде газ тапшылығы болуы мүмкін

6 Маусым 2022, 10:54
1583
Бөлісу:
2025 жылға қарай елімізде газ тапшылығы болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Газ саласын дамыту перспективалары» тақырыбындағы Үкімет сағатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов 2025 жылға қарай елімізде отандық газ тапшылығы болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Газ қоры бойынша Қазақстан әлемде 22-орында. Ал ТМД елдері арасында Ресей мен Түркіменстаннан кейін 3-орында. Табиғи газды кеңінен қолдану мүмкіндігін ескере отырып әлемдік экономикада оның маңызы зор. Ел ішінде газ тұтыну тұрақты түрде өсіп келеді. 2017 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғанда газды тұтыну 13,8-ден 18,6 млрд текме метрге дейін (4 млрд текше метрге) өсті, - дейді министр.

Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, газ тұтыну өсімі шамамен 35% немесе жыл сайын орта есеппен 7%-ды құрады.

Елдегі газ саласын дамытудың негізгі тежеуші факторы – бағаны тежеу саясаты. Осыған байланысты 2025 жылға қарай отандық газдың тапшылығы және импорттық ресурстарға тәуелділік туындауы мүмкін. Болашақта тауарлық газдың негізгі өндірушілері Қашаған, Қарашығанақ, Теңізшевройл болып қалады. Оларға тауарлық газ ресурстарының жалпы көлемінің 64%-ы тиесілі, - деп түсіндірді Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Өзгелердің жаңалығы