2025 жылға автопарк саны 15 мыңға дейін көбейеді – министр

29 Наурыз 2022, 11:15
1141
Бөлісу:
2025 жылға автопарк саны 15 мыңға дейін көбейеді – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев хабарлады. 

Отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында 2025 жылға қарай автопарк санын 7615 бірліктен 15 мыңға дейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта 2023 жылдан бастап 2028 жылға дейін ЕУРО-5 экологиялық класты ершікті тартқыштар бастапқы тіркеуден босатылады. Сондай-ақ салмағы 12-ден 50 тоннаға дейінгі көліктің бұл түрі кәдеге жарату алымынан босатылған, - деп атап өтті министр. 

Сондай-ақ ол бұл шаралардың отандық кәсіпкерлерге қалай әсер ететініне тоқталды. 

Бұл шаралар отандық кәсіпкерлерге ершікті тартқыштарды сатып алғанда 4,27 млн теңгеге дейін (құны 18 млн теңге) үнемдеуге мүмкіндік береді. Транзиттік автотасымалдардың болжамды көлемі 2025 жылға қарай 1,5 есе артып, 3,5 млн.тоннаны құрайды. Айта кетерлігі, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан аумағы арқылы автомобиль көлігімен 2,8 млн тонна транзиттік жүк тасымалданды. Бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 33%-ға артық (2,1 млн тонна), - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы