2025 жылдан бастап медициналық анықтамалардың 8 түрі тек электрондық түрде берілетін болады

8 Қараша 2024, 20:43
361
Бөлісу:
2025 жылдан бастап медициналық анықтамалардың 8 түрі тек электрондық түрде берілетін болады
Фото: Цифрлық технологиялар басқармасы

Келесі жылдың басынан бастап медициналық анықтамалардың 8 түрі, оның ішінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама тек электрондық түрде берілетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін өздерімен бірге қағаз анықтамаларды алып жүру қажеттілігі болмайды, олардың келісімімен электрондық анықтамалар талап бойынша белгілі бір мекемелерге берілетін болады.

Осы қызметтерді электрондық форматқа көшіру үшін қазіргі уақытта «Амбулаториялық-емханалық көмек» АЖ арқылы ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Келесі медициналық анықтамалар электрондық форматқа көшіріледі:
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- 075 / е «Медициналық анықтама»
- 026 / е «ДКК қорытындысы»
- 073 / е «ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама»
- 069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»
- 052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»
- 076 / е «Қаруға рұқсат алу»
- 038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама».

eGov Mobile мобилді қосымшасында азаматтарға өздерінің жеке медициналық деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін «edensaulyq» бөлімі іске асырылғанын атап өткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы