2024 жылдың 11 айында 277 кәсіпорында 4,4 млрд теңге жалақы бойынша берешек бары анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Тексеріс нәтижесінде 17,5 мың қызметкер өз еңбекақысын алды. Сонымен қатар еңбек азаматтардың қызмет жағдайын бақылау кезінде 7,5 мың бұзушылық анықталған. Оның 1700-ден астамы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қатысты. Жылпы осы жылы жұмыс берушілерге 371 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.
Еске салайық, 2024 жылы Еңбек инспекциялары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағына берілді. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті құрылды. Ал кәсіпорындарда цифрлық карта енгізілді. Осының арқасында 2024 жылы жарақат алу деңгейі 2023 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға төмендеген.
Сонымен қатар такси жүргізушілеріне әлеуметтік кепілдіктер енгізіліп, олардың әлеуметтік қорғалуын едәуір арттырды.