2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді

Кеше, 13:20
212
Бөлісу:
2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді
Фото: Энергетика министрлігі

Ел экономикасы мен халқын энергетикалық қауіпсіздікпен, сенімді энергия жабдықтаумен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында 2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ағымдағы жылы қуаттылығы 500 МВт Екібастұз МАЭС-1 №1 энергоблок пайдалануға берілді, қуаттылығы 65 МВт Атырау ЖЭО № 6 турбоагрегатын және қуаттылығы 43 МВт Жезқазған ЖЭО № 8 қазандық агрегатын ауыстыру жүзеге асырылды, сондай-ақ жиынтық қуаттылығы 163,35 МВт ЖЭК жобалары сәтті енгізілді.

Жоғарыда аталған станцияларды жаңғырту белгіленген электр қуатын арттыруға және парктік ресурсын жаңартуға бағытталған.

Өз кезегінде жаңартылатын энергия көздеріненгізу жасыл генерацияның үлесін арттыруға жәнеелді қосымша қуатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Өзгелердің жаңалығы