2024 жылы тағы екі ел Шенген визаларын бере бастайды

Румыния мен Болгария 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап қысқамерзімді Шенген визаларын бере бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

 pixabay.com 11 Қаңтар 2024 2024, 19:35
11 Қаңтар 2024 2024, 19:35
4719
Фото: pixabay.com

Румыния мен Болгария 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап қысқамерзімді Шенген визаларын бере бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ЕуроОдақтың ресми дереккөздеріне сілтеме жасай отырып Schengenvisainfo мәлім етті, 

Аталған визаға қол жеткізгендер Шенгенге мүше мемлекеттерге барып, онда 90 күнге дейін қалуға құқылы.

Мұндай бастама ЕО Кеңесінің шешімімен тығыз байланысты екені атап өтілді. Оған сәйкес 2024 жылдың наурызынан бастап теңіз және әуе шекараларында Румыния мен Болгария үшін Шенген аймағындағы шекаралық бақылауды жою туралы шешім қабылданған. Бұл ретте екі елдің Шенген визаларын бере бастайтынын куәландыратын құжат әзірге ресми түрде ұсынылмады.

Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылдың желтоқсанында ЕО Болгария мен Румынияны кезең-кезеңімен Шенгенге біріктіру туралы шешім қабылдаған болатын. Еурокомиссия атап өткендей, бұл қадам сапарларды, сауданы, туризмді ынталандырып қана қоймай, ішкі нарықты да күшейтеді.

Наверх