Биыл 89 педагогке 1 000 АЕК-тен, яғни 3,6 млн теңгеден алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 64 педагог "Үздік педагог" атанды.
Еліміздің тарихында алғаш рет екі бірдей педагог "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болды. Оларға сондай-ақ, Алтын жұлдыз ерекше белгісі мен "Отан" ордені табысталды.
Педагогтердің мұндай атаққа ие болуы Президенттің олардың еңбегін жоғары бағалауы және ұстаздар қауымына көрсеткен құрметі. Марапат иегерлері: Алматы қаласындағы №4 арнайы мектеп-интернатының 40 жылдық еңбек өтілі бар математика пәні мұғалімі Гүлжанар Нұрпейісова және Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмира Траисова.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының қолынан 23 педагог "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағын алды.
Республикалық байқау қорытындысы бойынша тағы 64 педагог "Үздік педагог" атанды. Барлық 89 педагогке 1000 АЕК (3,6 миллион теңге) көлемінде мемлекеттік сыйақы тағайындалды.