Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік сақтандыру қорынан адамның еңбекке қабілеттілігінен немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жасалатын төлемдерді 7 пайызға арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп хабарлады BAQ.KZ.
Онымен Ашық НҚА порталында танысуға болады.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, – делінген жобада.
Министрліктің түсіндіруінше, бұл шара халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.
Қаулы жобасын жария талқылау мерзімі – 15 қыркүйекке дейін.