Қазақстанның соңғы жаңалықтары

2023 жылы шәкіртақы 20 пайызға көтеріледі

16 Қараша 2022, 15:30
4638
Бөлісу:

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифигінде мәлім болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазіргі таңда жоғары білім саласындағы  ұлттық саясаттың ең басты міндеттерінің бірі – жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Осы тұрғыда елімізде бірнеше жобалар жүзеге асырылды.

Қазіргі таңда елімізде 119 жоғары оқу орындарында 600 мыңнан астам студент білім алуда. Соның ішінде 30%-ға жуығы мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алуда. Және жыл сайын грант саны да өсуде. Биыл оның саны-88 мыңды құрады. Оның 60%-ы техникалық мамандықтарға берілген. «Серпін» бағдарламасына -3 603 грант бөлінсе, шетелдік азаматтарға 490 грант бөлінген, –  деді Қуаныш Асылханұлы.

Сондай-ақ Ғылым және жоғары білім вице-министрінің сөзінше, биыл гранттарды бөлу моделін жетілдіруді қарастырылып жатыр. Оған қоса студенттердің шәкіртақысы да өскен.

Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы 20%-ға өсті. Былтыр бакалавриат студенттері – 31000 теңге алса, енді 36000 теңге алып отыр. Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы биыл 15%-ға өсті, – дейді вице-министр.

  Қуаныш Асылханұлы бұл үрдістің келесі жылы да жалғасатынын тілге тиек етті. Келер жылы да студенттердің шәкіртақысы тағы 20%-ға көтерілмек.

Өзгелердің жаңалығы