Азаматтық авиация саласында негізгі көрсеткіштердің өсуі байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отандық әуе компаниялармен 13,3 млн жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдан 21%-ға артық. Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар көлемі 24%-ға, яғни 26,1 млн адамға дейін ұлғайды.
Алматы және Астана әуежайларында жолаушылар ағыны бойынша айтарлықтай өсім байқалады. Әуежайларда өңделген жүктердің көлемі 15% - ға немесе 145 мың тоннаға дейін өскен.
Әуе тасымалдардың қолжетімділігін арттыру үшін отандық компаниялардың ұшақтар паркін толықтыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. 2023 жылы отандық әуе компаниялары 11 әуе кемесін сатып алды. Нәтижесінде сыйымдылығы 28 пайызға, яғни 15 мың 400 орынға дейін ұлғайды.
Сонымен бірге жүк тасымалы сегментін дамыту мақсатында 3 жаңа жүк әуе тасымалдаушы құрылды.