2023 жылы елімізде жанар-жағар май бағасы көтеріліп кетпей ме? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Энергетика министрі Болат Ақшолақов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2023 жылы елімізде жанар-жағар май бағасы шарықтап кетпей ме? – деп редакциямыз Энергетика министріне сауал жолдады.
Министр жанар-жағар май бағасы маңызды сұрақтың бірі екенін атап өтті.
Қазіргі бұйрықтың күші 2023 жылғы 9 қаңтарда аяқталады. Шешімге сәйкес АИ-92, АИ-93 және дизель отынының бағасын өзгертпейміз. Келесі үш тоқсан бойы қазіргі бағаны сақтап қалу бойынша жұмыс істеп жатырмыз, - деп қысқа жауап берді Болат Ақшолақов ОКҚ-да.