2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасына 100 млрд теңге бөлінді

19 Сәуір 2023, 10:40
2141
Бөлісу:
2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасына 100 млрд теңге бөлінді
Фото: azattyq-ruhy.kz

2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасына 100 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңесте Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президенттің жарлығымен елімізде «Ауыл аманаты» жобасы қабылданған болатын.

Осы жобаны Үкімет мүшелері өңір әкімдерімен бірлесіп, оның мүмкіндіктері мен ережелерін халыққа жеткізіп жатыр.

«Ауыл аманаты» жобасына биылға 100 млрд теңге бөлінді. Ол 2,5 пайызбен беріліп жатыр. Нәтижесінде ауылдағы 18 мың тұрғын жұмыспен қамтылып қана қоймай, жеке кәсібін ашуға мүмкіндік алады. Бағдарлама аясында 320 мың адамды қамту көзделіп отыр, - деп айтты Алтай Көлгінов кеңесте.

Сөзінше, бұл жұмыс AMANAT партиясымен бірге атқарылып жатыр.

Еске сала кетейік, Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтуде. Кеңес барысында Мемлекет басшысы еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құруымыз керек екенін айтты. Сондай-ақ Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан экономикасының өсуі осы жылдың I тоқсанында 4,9%-ға жеткенін атап өтті. Бұдан бөлек Үкімет ауыл халқының табысын арттыратын жобаны бастағаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы