2023 жылы 140 журналист қызмет барысында қаза тапқан

5 Қаңтар 2024, 05:34
580
Бөлісу:
2023 жылы 140 журналист қызмет барысында қаза тапқан
Фото: baq.kz

2023 жыл журналистер ең көп қаза тапқан жыл болды. Бұл соңғы онжылдықтағы БАҚ қызметкерлерінің үлкен шығыны. Бұл туралы Press Emblem Campaign /PEC/ швейцариялық үкіметтік емес ұйымы мәлімдеді. BAQ.KZ бұл туралы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған ұйымның мәліметінше, 2023 жылы барлығы 140 журналист қызмет барысында қаза тапқан. Оның 90-ы Таяу Шығыста қаза тапса, 20-сы Латын Америкасында, 11-і Африкада, 4-уі Еуропада және тағы үшеуі Солтүстік Америкада опат болған.

PEC мәліметтеріне сәйкес, Газа секторында өткен жылдың соңғы үш айында күн сайын орта есеппен бір журналист қаза тапқан. 7 қазаннан бері Палестина анклавында кем дегенде 81 БАҚ қызметкері опат болған.

Біз мұндай бейберекет шабуылдарды айыптаймыз, - деді PEC президенті Блез Лампан.

Өзгелердің жаңалығы