2023 жылдың аяғына дейін киік атуға тыйым салынады

20 Желтоқсан 2022, 12:30
1861
Бөлісу:
2023 жылдың аяғына дейін киік атуға тыйым салынады

Министрлік 2023 жылдың аяғына дейін киіктерді атуға рұқсат бермеуі мүмкін. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін біз киіктерді ату туралы мораторийді ұзарту жөніндегі ұсыныспен ақпарат жібердік. Біздің ұсынысымыз қолдау тапса, 2023 жылдың соңына дейін киіктерді атуға тыйым салынады. Яғни, келесі жылы киіктерді атпаймыз, - деді Брекешев.

Еске салайық, биыл маусымда Экология министрі киіктердің санын реттеу үшін 80 мың киікті ату туралы түпкілікті шешім қабылданғанын мәлім еткен еді. 

Өзгелердің жаңалығы