2022 жылы әлемде ең көп сатылған 10 көлік белгілі болды

7 Наурыз 2023, 21:20
1790
Бөлісу:
2022 жылы әлемде ең көп сатылған 10 көлік белгілі болды
Фото: almaty.tv

Focus2Move 162 елдің деректерін жинақтай отырып, өткен жылы әлемдегі ең көп сатылған көліктер рейтингін түзді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сараптама нәтижесі бойынша 2022 жығы көліктер көшін Toyota Corolla моделі бастап тұр. Бұл кроссовердің 1,12 миллион данасы сатылған. Toyota Corolla сатылымы 2021 жылмен салыстырғанда 2,8 пайызға төмендеген, бірақ әлем бойынша ең көп сатылатын көлік болып қала берген.

Екінші орынды Toyota RAV4 кроссовері иеленді. Өткен жылы осы үлгідегі 868 мың 398 көлік сатылған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 13,7 пайызға аз.

Үштікті Ford F-Series аяқтады. Бұл модельдің 786 мың 337 данасы сатылып, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда сатылым 8,8 пайызға төмендеген.

4-5-ші орындарды Tesla Model Y (сату – 759 мың 579 дана, өсім – 88,7 пайыз) және Toyota Camry (сату – 667 мың 968 дана, төмендеу – 2,6 пайыз) иеленді.

Рейтингтің алғашқы ондығы төмендегідей:

1. Toyota Corolla – 1,12 млн дана;

2. Toyota RAV4 - 868 мың 398;

3. Ford F-Series – 786 мың 337;

4. Tesla Model Y – 759 мың 579;

5. Toyota Camry – 667 мың 968;

6. Chevrolet Silverado – 591 594;

7. Honda CR-V - 591 мың 293;

8. Toyota Hilux – 566 мың 838;

9. Hyundai Tucson – 549 мың 918;

10. Ram Pick-up – 545 мың 420.

Өзгелердің жаңалығы