Елордада медицинаны оңалтуға қанша қаржы жұмсалған?

10 Желтоқсан 2021, 23:07
1252
Бөлісу:
Елордада медицинаны оңалтуға қанша қаржы жұмсалған?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы елордада медициналық оңалтуға 3,6 млрд теңге жұмсалған.

МӘМС енгізілгелі бері медициналық оңалту да дами бастады. 2021 жылы елордада бұл бағытта 3,6 млрд теңге жұмсалған. Елорданың күндізгі стационарларында 72,3 мың пациент оңалтудан өтсе, тәулік бойғы стационарларда – 84,4 мың адам оңалтудан өткен. Амбулаториялық-емханалық деңгейде елорда тұрғындарына 393 мың оңалту қызметі көрсетілді, - деп хабарлады брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Н.Қабдықапаров. 

Оңалту қызметтерінің басым көпшілігі 2021 жылы көрсетілген, мұнда Covid-19 және коронавирустық инфекциямен ауырған пациенттер де қамтылды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы оңалту қызметтерін көрсететін 45 медицина ұйымымен келісімшарт жасаған. Олардың ішінде: жекеменшік – 20, мемлекеттік – 22, республикалық – 3 медицина ұйымы бар6 - деп атап өтті брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елорда филиалының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

 


Өзгелердің жаңалығы