Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы барлық тергеу істері толықтай электронды форматқа көшіріледі. Бұл туралы ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Бағлан Бекбауов айтты.
«Елімізде электрондық қылмыстық және әкімшілік өндірістердің қазақстандық форматы енгізілді. Енді құқықбұзушылықты тіркеген кезден бастап, сот шешім шығарғанға дейінгі барлық қылмыстық сот ісін жүргізу үрдісін электронды форматқа көшіруді бастап кетті. Сосын жазаның орындалу үрдісін де көшіретін боламыз. Қазіргі кезде тергеу ісінің шамамен 18% электронды форматта жүргізіліп жатыр. Бұл 2018 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда 17,1% -ға жоғары. Енді жазаның орындалу үрдісі де электронды форматқа көшіріледі», - дейді Бағлан Бекбауов.
Оның айтуынша, 2018 жылы электронды тергеу теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар бойынша болса, биылдан бастап ауырлығы орташа дәрежедегі қылмыстарды тергеу іске қосылады.
«2021 жылдың аяғына дейін қылмыстың барлық санаттары бойынша тергеуді автоматтандыру жоспарлануда. Сонымен қатар, тиісті орган «е-Өтініштер», мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштерін қарау және қабылдаумен байланысты жұмысын құрылымдауға арналған жобасын ұсынды. Жүйе шағымдардың сипаты бойынша қарауға құзіретсіз органдарға түсу жайттарын азайтады. Аймақтар мен мемлекеттік органдар бойынша азаматтардың өтініштерін талдауға және қарау мерзімдерінің бұзушылықтарын жедел анықтауға мүмкіндік береді. Бизнесті тексерудің ашықтығын және оны азайту мақсатында барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай ТСОБТ жүйесі іске қосылды», - дейді Бас прокуратура өкілі.