2020 жылы Шымкентте этноауыл бой көтереді

9 Қараша 2019, 11:00
1887
Бөлісу:
2020 жылы Шымкентте этноауыл бой көтереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы дәрежесін 9 желтоқсанда Белоруссияның Брест қаласынан салтанатты түрде қабылдап алады.

Бұл туралы Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының м.а. Ғалия Шарафиева БАҚ өкілдеріне берген баспасөз брифингінде мәлімдеді.


Келер жылы мәдени астана атануымызбен қатар атаулы мерейтойларды атап өту іс-шаралар жоспары бекітілді. Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын орданың 750 жылдығы, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы және жерлесіміз, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығын атап өтетін боламыз. Осы айда ЮНЕСКО елдерінің Париж қаласындағы басқосуында Шымкенттің 2200 жылдық тарихы туралы тарихи шешім қабылдануын күтіп отырмыз. Яғни, алдағы жылы Шымкенттің 2200 жылдығы да тойланады,- деді Ғ.Аликенқызы.
Ал мемлекеттердің гуманитарлық-ынтымақтастық жөніндегі халықаралық қор директорының орынбасары Эльвира Доля Бресттегі қорытынды концертте ТМД елдерінің барлығынан өнерпаздар өнер көрсететінін мәлім етті.


Оның ішінде Шымкент қаласынан Айбек Қанатбек атты әнші симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Кеңес кезіндегі екі әнді орындайды. Жаңа жылдан кейін сіздерге келіп, ауқымды іс-шаралар легін бастаймыз, - дейді Эльвира Рафиковна.

Сонымен, ол қандай іс-шаралар? Ескі қалашықтағы құрылыс кезең-кезеңімен іске асырылуда. Амфитеатр мен Визит-орталық келер жылдың наурыз айына дейін пайдалануға берілмек.


Егер сала мамандары құрылысын аяқтап үлгермей жатса, онда келуші қонақтар құрылыстың барысын өз көздерімен көретін болады,- деді Ғ.Шарафиева.

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, бұдан бөлек, Наурыз алаңы жақта этноауыл бой көтермек. Бас редакторлар клубы жұмысын бастамақ.

Брифинг барысында басқарма басшысының м.а. Ғалия Аликенқызы қазақ театрларында шығармашылық ізденістің аздығын тілге тиек етті. Себебі, біздің қаламыздағы өнер ошақтарында кәсіби режиссерлер жоқтың қасы. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында алдағы уақытта жас драматургтердің арасында шығармашылық байқау жарияланбақ.

Өзгелердің жаңалығы