Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді.
Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.Демалыс күндері 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға; 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға; 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын, - делінген Қаулы мәтінінде.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.