2020 жылдан бастап коммуналдық қызметкерлердің жалақысы көтеріледі

6 Желтоқсан 2019, 08:50
7274
Бөлісу:
2020 жылдан бастап коммуналдық қызметкерлердің жалақысы көтеріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаланы санитарлық тазалау бойынша бірыңғай норманы енгізу Нұр-Сұлтан қаласының акселераторында ұсынылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қаланы санитарлық тазалау бойынша бірыңғай нормаларды қарастырып, санитарлық тазалау жұмыстарына бақылау жасау ұсынылды. "Астана Тазалық" ЖШС басшысының орынбасары Марсель Ұзақов тазалық нормаларының жиынтығы қала көшелерін таза ұстауға көмектесетіндігін айтты. Сонымен қатар аталған бірыңғай норма санитарлық тазалауға анықтама беріп, оны қалай жүзеге асыруға болатынын көрсететіндігін айтты.

Бірыңғай норма тазалау жұмыстарын қандай техникамен жүргізу дұрыс екендігіне, көшелерді тазалау жиілігі мен тәсілдері сынды сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ қазіргі уақытта уәкілетті органдар бақылауды қол режимінде атқаратынын, қаланың барлық аумағын бір уақытта бақылау үшін шектеулі мүмкіндіктерге ие екенін атап өткім келеді. Осыған байланысты, акселератордың белсенді тобы тазалық жұмыстарын бейнебақылау камералары арқылы қадағалауды ұсынды, - деді М.Ұзақов. 

Сонымен қатар қалалық даму акселераторының жұмысына белсенді түрде қатысқан тұрғындар өз ұсыныстарына тоқталып өтті. Олар жол шаруашылығы нысандарының төлқұжаттарын өзектілендіруді ұсынды. 

Естеріңізге сала кетсек, елорда әкімінің тапсырмасы бойынша 2020 жылдың басынан бастап коммуналдық қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Ал оларға қолайлы еңбек жағдайларын жасау үшін 67 арнайы техника сатып алынды. Сондай-ақ келесі жылдың басында тағы да 90 арнайы техника алынады. Олардың бір бөлігін көктем мен жаз мезгілдерінде пайдалануға болады.


Өзгелердің жаңалығы