Былтыр 13,1 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

21 Шілде 2020, 11:39
1421
Бөлісу:
Былтыр 13,1 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылы елімізде 13,1 млн шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл - 2018 жылға қарағанда 4,8% көп. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.

Жеке құрылыс салушылармен 6,5 млн шаршы метр салынған. Тұрғызылған тұрғын үйлердегі пәтерлер саны 115257 бірлікті құрады. 41419 жеке үй және 1217 көппәтерлі үйлер пайдалануға берілді.Тұрғын үйлердің жалпы алаңының 1 шаршы метр құрылысына орташа нақты шығындары - 105,7 мың теңгені, оның ішінде көппәтерлі үйлер бойынша 127,4 мың теңгені және жеке үйлер бойынша 83,9 мың теңгені құрады, - делінген хабарламада. 

Тұрғын үйдің 1 шаршы метр құрылысының ең жоғарғы құны Нұр-Сұлтан қаласында (150,4 мың теңге) және Алматы облысында (131,2 мың теңге), ал ең төменгі құны- Қызылорда облысында (63,9 мың теңге) тіркелген.

2019 жылы тұрғын үй құрылысына 1475,5 млрд теңге инвестиция салынды, бұл өткен жылға қарағанда 21,2% көп.

2019 жылы білім беру және денсаулық сақтау саласында 33358 оқушы орнына арналған 72 жалпы білім беретін мектеп, 8431 орынға арналған 71 мектепке дейінгі мекеме, 605 төсекорынға арналған 3 аурухана және ауысымына 4445 келушіге 39 амбулаториялық емхана пайдалануға берілген. Мәдениет және спорт объектілері: 510 орынға арналған 1 театр, 2 неке сарайы, 1527 орынға арналған 12 мәдениет үйі және 32248 шаршы метрлік 1 спорт сарайы салынды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы